Филиал мамандары тауардың шығу тегі туралы сараптама актілерін бере отырып, тауардың шыққан елін анықтау бойынша қызметтер көрсетеді, атап айтқанда:

  • тауардың шығу тегі сертификатын алу үшін тауардың шығу тегін сараптау;
  • СТ KZ сертификатын алу үшін тауардың шығу тегін сараптау.

Тауардың шығу тегі туралы сараптама актісін жасау және беру тәртібі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 22 қазандағы № 1647 қаулысымен бекітілген тауардың шыққан елін айқындау, тауардың шығу тегі туралы сараптама актісін жасау және беру және тауардың шығу тегі туралы сертификатты ресімдеу, куәландыру және беру жөніндегі қағидаларда айқындалған.

Тел.: +7 (7182) 60 49 48