“Ұлттық сараптау және сертификаттау орталығы” АҚ Павлодар филиалы қауіпті өндірістік объектілердің, сондай-ақ қауіпті өндірістік объектілердегі жұмысқа тартылатын аттестатталған ұйымдардың, жобалау ұйымдары мен өзге де ұйымдардың мамандарын, жұмыскерлерін өнеркәсіптік қауіпсіздік мәселелері бойынша оқыту және білімін (даналарын) тексеру бойынша қызметтер көрсетеді:

1) қауіпті өндірістік объектілерде жұмыстарды орындайтын жұмыскерлер – ұзақтығы кемінде он сағат бағдарлама бойынша алдын ала оқытыла отырып, жыл сайын жүргізіледі;
2) техникалық басшыларға, мамандарға және инженер-техник жұмыскерлерге – ұзақтығы қырық сағаттан кем емес бағдарлама бойынша алдын ала оқытыла отырып, үш жылда бір рет жүргізіледі.

Оқыту және сертификаттау шарттары келісілген.
Оқыту “Азаматтық қорғау туралы” ҚР Заңының талаптарына, өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы басқа да нормативтік-құқықтық актілерге және қауіпті өндірістік объектілерде өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидаларына сәйкес білім алушылардың жұмыс орнына қатысты немесе Тапсырыс берушінің таңдауы бойынша жүргізіледі.

22.01.2021 жылы берілген тіркеу № KZ04VEC00011330 қызмет өнеркәсіптік қауіпсіздік, саласындағы жұмыстарды жүргізу құқығына аттестат негізінде жүзеге асырылады. Аттестат өнеркәсіптің мынадай салаларында өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласында жұмыстар жүргізуге құқық береді:

1.Тау-кен өндірісі.
2.Машина жасау.
3.Металлургиялық.
4.Мұнай химиясы.
5.Мұнай-газ өңдеу.
6.Мұнай базалары және жанармай құю станциялары.
7.Азық-түлік.
8.Құрылыс.
9.Көлік.
10.Химиялық.
11.Энергетикалық.
12.Қауіпті техникалық құрылғыларды, магистральдық құбырларды және компрессорлық станцияларды пайдаланатын өндірістік объектілер мен кәсіпорындар.

Оқуды аяқтағаннан кейін білімді тексеруден (емтихандардан) сәтті өткен жағдайда мамандар мен қызметкерлерге Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында қолданылатын аттестаттау хаттамасы және белгіленген үлгідегі куәлік беріледі.

Қосымша ақпаратты +7 (7182) 60-49-48, 39-06-88 (ішкі. 9025),   e-mail: smknacekspvl@mail.ru

Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласында жұмыстар жүргізу құқығына АТТЕСТАТ