Филиалдың метрологиялық қызметі:

  • массаны, күш пен қаттылықты, қысымды, вакуумды, қозғалыс параметрлерін, сұйықтықтар мен газдар мөлшерінің шығынын, тығыздық пен тұтқырлықты, геометриялық, физика-химиялық, оптика-физикалық, жылу-физикалық, температуралық, электрлік және радиотехникалық шамаларды, уақыт пен жиілікті өлшеу құралдарын салыстырып тексеруді қоса алғанда, салыстырып тексеру:
    • Павлодар, Екібастұз және Ақсу қалаларында пайдалану орны бойынша демонтажсыз ыстық және суық судың пәтерлік есептеуіштері;
    • сүтке, зәрге, мұнайға арналған шыны ареометрлер;
    • бұзбайтын бақылауды өлшеу құралдары (ультрадыбыстық дефектоскоп, ультрадыбыстық қалыңдық өлшегіш және т.б.);
    • діріл параметрлерін бақылау аспаптары (діріл талдағыштар, діріл өлшегіш аспаптар, дірілді өлшеу жүйелері және т.б.);
    • медициналық мақсаттағы аспаптарды, оның ішінде дефибрилляторларды;
    • оқшаулаудың электрлік беріктігін өлшейтін құрылғылар, РЕТОМТМ-2500;
    • РЕТОМТМ-11, РЕТОМТМ-11М, РЕТОМТМ-21, РЕТОМТМ-41М релелік қорғаудың өлшеу параметрлері құрылғылары;
    • тексеру қондырғылары ЦУ 854, ЦУ 855;
    • сыйымдылығы 100 000 м3 дейінгі тік болат резервуарлар, өлшеу хаттамасын автоматты қалыптастырумен және берумен резервуарлар мен автоцистерналарды тексерудің аяқталған автоматтандырылған процесін қамтамасыз ететін МИГ резервуарларын градуирлеу кешенін қолдана отырып көлденең болат резервуарлар;
    • американдық мұнай институтының (API) стандарты бойынша дайындалатын бұранда параметрлерін салыстырып тексеруге арналған аспаптар;
    • өлшем бірліктері миллиметр және дюйм болып табылатын сағаттық типті индикаторларды тексеруге арналған цифрлық аспап.
  • резервуарларды мұнай өнімдерінің шөгінділерінен тазарту;
  • кәсіпорындардың өтінімдері бойынша өлшем құралдарын салыстырып тексеру әдістемелерін және метрологиялық аттестаттау бағдарламаларын әзірлеу;
  • талдау, өлшеу және сынақ зертханаларында өлшеулердің жай-күйіне бағалау жүргізу;
  • өлшеу құралдарын жөндеу.