Филиалдың тәжірибелі мамандары стандарттау саласындағы жұмыстарды жедел және сапалы орындайды, атап айтқанда:

  • кәсіпкерлерге ұйымдар стандарттарын және өңірде игерілетін өнім мен қызметтерге техникалық құжаттаманы әзірлеуде практикалық көмек көрсету;
  • шаруашылық жүргізуші субъектілерге республикада қолданылып жүрген Техникалық реттеу саласындағы құқықтық және нормативтік құжаттар (заңдар, Үкімет қаулылары, Кеден одағын қоса алғанда, техникалық регламенттер, Ұлттық, халықаралық, өңірлік стандарттар, қағидалар мен әдістемелер, әдістемелік нұсқаулар, нұсқаулықтар мен ұсынымдар) бойынша консультациялар жүргізу;
  • стандарттау жөніндегі құжаттарды өзектендіру (ҚР СТ, ҚР СТ, РСТ, ҚР басқа да, МЕМСТ, МЕМСТ Р, РМГ, ПМГ және т.б.);
  • стандарттау мәселелерінде практикалық және әдістемелік көмек көрсету.